Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ және Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы жұмысшылардың денсаулығын сақтау үшін күш біріктіреді

Жарияланды: Марлан

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ мамандары Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығымен бірлесіп жұмыс істейтін халықтың денсаулығын нығайту бойынша жаңа бағдарламалар әзірлеуге арналған бейнеконференция өткізді.

Іс-шара Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директоры Саягүл Қайыргелдинаның төрағалығымен өтті. Талқылауға директордың ғылыми мәселелер жөніндегі кеңесшісі Раушан Досмағамбетова, директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Қанат Текебаев, ғылыми-зерттеу басқармасының басшысы Мадина Бауыржанқызы және жоба менеджері Қарлығаш Әбсаттарова қатысты.

Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығын директор Ертай Отаров, ғылыми басқарманың басшысы Алексей Алексеев және ғылыми қызметкер Айгүл Аманбекова таныстырды.

Кездесу барысында түрлі сала қызметкерлерінің денсаулығын жақсартуға бағытталған бірлескен ғылыми зерттеулердің келешегі талқыланды. Қатысушылар бірлескен жобаларды іске асыру бойынша одан әрі қадамдарды белгіледі.

Бұл ынтымақтастық Қазақстан еңбекшілерінің қоғамдық денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуға ықпал ететін медициналық оңалту және кәсіптік аурулардың профилактикасы бағдарламаларын әзірлеуде пәнаралық тәсілдің маңыздылығын атап көрсетеді.

Қаз. 8, 2024, 4:29 Т.Қ.