Денсаулық сақтау және ғылым саласындағы ынтымақтастық
Жарияланды: Марлан
2024 жылғы 27 қарашада бейнеконференц байланыс арқылы ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті өкілдерінің арасында жұмыс кездесуі өтті.
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ-дан талқылауға Маркетинг және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Марлан Есілбаев пен Ғылыми зерттеулер басқармасының басшысы Мадина Бауыржан қатысты.
Батыс Қазақстан медицина университетін стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Гүлмира Журабекова, п.ғ. к., қауымдастырылған профессор Марина Бобырева және PhD докторы Бағила Колдасбаева таныстырды.
Кездесу барысында жоспарланған ынтымақтастық туралы меморандумның шеңберінде өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары талқыланды. Жоғарғы оқу орын резиденттерінің академиялық ұтқырлығы, бірлескен ғылыми қызмет және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған әлеуметтік жобаны іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, 2025 жылдың сәуір айында Ғылым күні шеңберінде өтетін студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциясына қатысу жоспарлары белгіленді.
Кездесу қорытындысы бойынша келесі жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын дайындау туралы шешім қабылданды, ол әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға және білім беру, ғылыми бастамаларды бірлесіп іске асыруға негіз болады.
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің арасындағы ынтымақтастық ғылымның, медицинаның дамуына және халықтың денсаулығын нығайтуға ықпал ететін курортология мен медициналық оңалтудың жаңа тәсілдерін ілгерілетуге бағытталған.

Қар. 28, 2024, 11:55 Т.Ж.