Санаторий дәрігері ұсынады: Денсаулықты қалпына келтірудің физиотерапиялық әдістері
Жарияланды: Марлан
Сарапшы дәрігер, ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ медициналық қызметтер сапасын бақылау және пациенттерді қолдау қызметінің басшысы Эльмира Ерменбаева институттың «Бурабай» ЕСК филиалында МӘМС шеңберінде ересектер мен балаларды (10 жастан 18 жасқа дейін) медициналық оңалту үшін қолданылатын қазіргі заманғы физиотерапиялық әдістер туралы әңгімелейді.
Магнитотерапия
Физиотерапияның бұл әдісі ісінуді жою, ауырсыну синдромын жеңілдету және қанның реологиялық қасиеттерін жақсарту үшін белсенді қолданылады. Магниттік әсер қан ағымының жоғарылауына және қан айналымының жақсаруына ықпал етеді, бұл ем-шараны тірек-қимыл аппараты мен тамыр жүйесінің ауруларын емдеуде тиімді етеді.
Биоптрон терапиясы
Биоптрон-организмдегі биологиялық процестерді қалыпқа келтіретін поляризацияланған және монохроматикалық жарықпен емдеу жүйесі. Жарық терапиясы жасуша деңгейіне жағымды әсер етеді, метаболикалық процестерді жақсартады және тіндердің регенерациясын ынталандырады. Биоптронның қызыл спектрі жасушалардың митохондрияларын белсендіреді, бұл организмнің негізгі энергия көзі АТФ өндірісіне ықпал етеді.
Дарсонвализация
Бұл әдіс тоқырау, микроциркуляцияның бұзылуы, полиневропатиялар, ковидтен кейінгі жағдайлар және шаштың қарқынды түсуі кезінде тиімді. Дарсонваль бұлшықет спазмын жеңілдетеді, шаш фолликулаларының қан айналымын жақсартады, бас ауруын жояды және кешенді оңалтуда қолданылады. Ем-шара ЛОР ағзаларының аурулары (ларингит, синусит, фарингит) кезінде көмектеседі және жалпы әл-ауқатты жақсартады.
«Гейзер» құрғақ көмірқышқыл ванналары
Бұл физиотерапиялық ем-шара көмірқышқыл газын қолдану арқылы жүзеге асырылады, ол теріге еніп, жүрек пен ми сияқты өмірлік маңызды ағзаларға оттегінің түсуін күшейтеді. Көмірқышқыл ванналары жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және нерв жүйесінің ауруларында, сондай-ақ спорттық медицинада тиімді қолданылады. Сонымен қатар, бұл ем-шара оттегі тапшылығы жағдайында жұмыс істейтін адамдар үшін пайдалы, өйткені ол иммунитетті нығайтады және ағзадағы метаболикалық процестерді белсендіреді.
Санаторий мамандары дәрігермен консультация өткізгеннен кейін денсаулық жағдайына және жеке көрсеткіштеріне байланысты физиотерапиялық нм-шаралар таңдауды ұсынады.

Қаң. 30, 2025, 11:09 Т.Ж.