"Бурабай" емдеу сауықтыру кешені Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ филиалында аппараттық кеңес өтті
Жарияланды: Марлан
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ филиалы «Бурабай» ЕСК директор Саягүл Қайыргелдинаның төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
Күн тәртібінде институттың құрылымдық бөлімшелері қызметінің өзекті мәселелері және басқа да ұйымдастырушылық, стратегиялық міндеттер қарастырылды.
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директоры өз сөзінде пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жүйелі түрде жақсарту, сондай-ақ олардың сұраныстарына жедел ден қою қажеттігін атап өтті. Заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықтауға ерекше назар аударылды.
Кеңес барысында стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу және пациенттерге қызмет көрсету деңгейін арттыру үшін бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.
Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халықтың денсаулығын сақтау үшін өз қызметін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Қаң. 31, 2025, 7:07 Т.Қ.