"Біздің туған күн иелері" айдары
Жарияланды: Марлан
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ - да Бухгалтерия және қаржылық есептілік басқармасының басшысы, "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісінің иегері, жоғары білікті маман - Нұртазина Қүлзайра Бекенқызының мерейтойымен құттықтау салтанаты өтті.
Институт ұжымы туған күн иесін шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт, амандық және жаңа кәсіби табыс тіледі. Институт игілігіне арналған көп жылдық, жанқиярлық еңбегі үшін Күлзайра Бекенқызына әкімшілік атынан алғыс хат табыс етілді.
Біздің институтта осындай адал кәсіпқойлар жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз және оның энергиясы, даналығы мен еңбекқорлығы бүкіл ұжымды одан әрі шабыттандыруын тілейміз!

Ақп. 6, 2025, 11:18 Т.Қ.