Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ мен "MedTravel" журналы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жарияланды: Марлан
2025 жылғы 10 ақпанда ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ Орталық аппаратында директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Қанат Текебаевтың "MedTravel" медицина және медициналық туризм туралы республикалық ақпараттық-талдау және ғылыми-танымал журналының бас редакторы Айгүл Бейсембиновамен кездесуі өтті.
Тараптар Қазақстанның санаторлы-курорттық саласын ілгерілету мен танымал етудегі ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ әріптестік қатынастарды дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды талқылады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-қимыл жоспары бекітіліп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ақп. 10, 2025, 6:28 Т.Қ.