Ғылымдағы халықаралық әйелдер мен қыздар күні

Жарияланды: Марлан

Бүгін, 11 ақпанда Ғылымдағы халықаралық әйелдер мен қыздар күні - әйелдердің ғылыми зерттеулер мен инновацияларға қосқан үлесінің маңыздылығын көрсететін күн атап өтіледі.

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ медицина ғылымын дамытуға, озық технологияларды енгізуге және елдің ғылыми әлеуетін нығайтуға үлкен мән береді.

Институттың негізгі ғылыми мамандарының бірі, спорттық оңалту саласындағы сарапшы, Ғылыми зерттеулер басқармасының басшысы Мадина Бауыржан болып табылады. Оның басшылығымен оңалту әдістемелерін жетілдіруге, санаторлы-курорттық емдеудің тиімділігін арттыруға және медицинада заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған маңызды ғылыми жобалар әзірленуде.

Институт өз ұжымында отандық медицина ғылымының дамуына ораса зор үлесін қосқан, талантты және ынталы әйел ғалымдар жұмыс істейтінін мақтан тұтады. Олардың зерттеулері мен практикалық әзірлемелері медициналық көмектің сапасын жақсартуға, оңалту мүмкіндіктерін кеңейтуге және халықтың денсаулық деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Ғылымға өмірін арнаған барлық әйелдерді мерекемен құттықтаймыз!

Сіздердің еңбектеріңіз танылып, қоғам мен болашақ ұрпақ үшін маңызды нәтижелер берсін деп тілейміз.

Ақп. 12, 2025, 12:52 Т.Ж.