Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ «Бурабай» ЕСК филиалында буккроссинг аймағы ашылды
Жарияланды: Марлан
«Кітап жылы» шеңберінде ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ - ның «Бурабай» ЕСК филиалының Оқу-тәрбие бөлімінде оқудың жас әуесқойлары үшін қосымша орын – буккроссинг аймағы ашылды. Кеңістік көркем, публицистикалық және білім беру әдебиеттерімен еркін алмасу үшін құрылған.
Буккроссинг аймағының ашылуына оқу-тәрбие бөлімінің қызметкерлері, медициналық оңалтудан өтіп жатқан балалар, сондай-ақ филиалдың әкімшілік қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның құрметті қонағы – ОТБ-ның кітапханашысы, осында 45 жылдан астам жұмыс істеген санаторийдің ең құрметті қызметкерлерінің бірі Гүлнар Уәлиева болды. Ол буккроссингтің салтанатты ашылуын өткізді.
Балалар мұғалімдердің бастамасын ынта-жігермен қарсы алып, бірден жаңа демалыс аймағын зерттеуге кірісті.
Мерекелік іс-шара концерттік кешпен аяқталды.

Ақп. 12, 2025, 4:40 Т.Қ.