Кәсіптік ауруларды медициналық оңалту мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесі

Жарияланды: Марлан

2025 жылғы 13 ақпанда ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ орталық аппаратында институт және «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» КеАҚ басшылығының жұмыс кеңесі өтті.

Іс-шараға институт директоры Саягүл Қайыргелдина, директордың ғылым жөніндегі кеңесшісі Раушан Досмағамбетова, директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Қанат Текебаев, Ғылыми сынақтар басқармасының басшысы Мадина Бауыржан, сондай-ақ «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» КеАҚ басшылығы директор Ертай Отаров, директордың стратегиялық даму және ғылыми жұмысы бойынша орынбасары Алексей Алексеев бастаған топ қатысты. Сонымен қатар, талқылауға екі ұйымның жетекші ғылыми қызметкерлері де шақырылды.

Кеңес «Шаң этиологиясы бронх-өкпе жүйесінің кәсіптік ауруларының медициналық профилактикасы мен оңалтуына кешенді тәсіл» бірлескен жобасының шеңберінде өтті. Қатысушылар ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспарын, сондай-ақ өкілеттіктер мен міндеттерді бөлуді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша жобаны тиімді іске асыруға және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленді.

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халық денсаулығын сақтаудағы өз ісін жалғастыруда.

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ

Баспасөз қызметі

https://burabay-mzrk.kz/ru/

Ақп. 18, 2025, 4:19 Т.Қ.