Бүгін туған күнін Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ-ның филиалы "Бурабай" Емдеу – сауықтыру кешенінің директоры – бас дәрігері Садықова Майра Мирамбекқызы атап өтуде
Жарияланды: Марлан
Майра Садықова Алматы облысында, Қаратұрық кентінде дүниеге келген. Астанадағы Қазақ медициналық Мемлекеттік академиясын бітіріп, өз мансабын денсаулық сақтауға арнады. Дерматология және медициналық оңалту саласында бай тәжірибесі бар, сондай-ақ іскерлік әкімшілендіру магистрі.
Медицинаны дамытуға қосқан үлесі үшін "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісінің иегері.
Майра Мирамбекқызын шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, кәсіби табыс, амандық және жаңа жетістіктер тілейміз! 🎉🎈
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ ұжымы

Ақп. 19, 2025, 9:15 Т.Ж.