ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ сіздерді Ораза айт мерекесімен құттықтайды!
Жарияланды: admin
🌙Құрметті отандастар!
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ сіздерді Ораза айт мерекесімен құттықтайды!
Бұл нұрлы мереке рухани тазару, өзін-өзі жетілдіру және жомарттықтың мезгілі болып табылатын қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді.
Ораза айттың астарында жатқан құндылықтар – қайырымдылық, мейірімділік пен жанашырлық – баршаға жақын әрі түсінікті.
Қазақстанда Тәуелсіздіктің барлық жылдары бойы бейбітшілік, имандылық пен адамгершілік қағидаларын құрметтеу, толеранттылық пен мейірімділік ахуалы орнады.
Сондықтан елімізде Ораза айт, дініне, ұлтына қарамастан барша қазақстандықтарды біріктіреді.
Ораза айт әрқайсымызға игі істер мен салихалы ойларға ұйытқы болсын.
Сіздерге зор денсаулық, рухани өсу, бақыт пен өркендеу тілейміз!

Мамыр 24, 2024, 7:29 Т.Қ.