«Оқу-бұл ең жақсы білім!»

Жарияланды: Диас

Кітап жылы шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ филиалы «Бурабай» ЕСК-де демалушыларға «Оқу- бұл ең жақсы білім!» атты әдеби квиз өтті.

Іс-шараны №1 Оңалту бөлімшесінің кітапхана меңгерушісі Наталья Ким және кешеннің Мәдени-демалыс бөлімі ұйымдастырды.

Бағдарлама бес раундтан тұрды, оның барысында қатысушылар әдебиет бойынша сұрақтарға жауап беріп, портреттер бойынша танымал жазушылар мен ақындарды таныды, сондай-ақ кинофильмдер кадрлары бойынша сүйікті шығармаларындағы кейіпкерлерді анықтады.

Квиз жақсы көңіл-күймен өтті, бұл қызықты бос уақыт қана емес, сонымен қатар оқу мен әдебиетке деген сүйіспеншілікті оятуға тамаша мүмкіндік болды.

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ медициналық оңалтуды көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар демалушылардың мазмұнды бос уақытын ұйымдастыруға және зияткерлік әлеуетін дамытуға белсенді ықпал етеді.

Ақп. 20, 2025, 5:20 Т.Қ.