«Бурабай» ЕСК – де «Көктем жұлдыздары» балалар ауысымы басталды

Жарияланды: Диас

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ филиалы «Бурабай» емдеу-сауықтыру кешенінің балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту бөлімінде «Көктем жұлдыздары» атты балалар ауысымы басталды.

Балалардың жаңа ортаға тез және жайлы бейімделуі үшін Оқу-тәрбие бөлімінің психологы Марат Ибраев арнайы танысу тренингін өткізіп, олардың өздерін сенімді сезінуіне көмектесті. Тәрбиешілер кіші топтар үшін интерактивті шара ұйымдастырды, ал жасөспірімдермен күн тәртібі мен кешен ережелері жайында әңгіме жүргізілді.

Жайғасқаннан кейін балалар кітапханашы Гүлнар Уәлиева дайындаған «Бурабай – Қазақстанның інжу-маржаны» атты қызықты экскурсияға аттанды. Саяхат барысында оларға осы ерекше өңірдің тарихы мен табиғи көрікті жерлері жайлы баяндалды.

Балалардың денсаулығын қорғауға, қалпына келтіруге және үйлесімді дамуына ерекше көңіл бөле отырып, Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халықтың денсаулығын сақтау бойынша өз қызметін жалғастыруда.

Бейне материалды келесі сілтемелер бойынша көруге болады:

https://www.facebook.com/share/v/1GmkUQKqiL/

https://www.instagram.com/reel/DGctiBuCy9F/?igsh=MTVhanFlZXJpOGljZA==

Ақп. 24, 2025, 2:30 Т.Қ.