Курортология және медициналық оңалту саласындағы ынтымақтастық перспективалары
Жарияланды: Диас
2025 жылдың 28 ақпанында бейнеконференц-байланыс форматында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институтының Орталық аппарат өкілдерінің Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының әріптестік департаментінің директоры Геннадий Васильевпен кездесуі өтті.
Институт тарапынан кездесуге директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Қанат Текебаев, Ғылыми зерттеулер басқармасының басшысы Мадина Бауыржан және Маркетинг және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Марлан Есілбаев қатысты.
Кездесу барысында институт өкілдері ұйымның тарихы, оның миссиясы, мақсаттары және ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, қызметтің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Тараптар өзара іс-қимылдың ықтимал форматтары мен әріптестік перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша санаторлы-курорттық емдеу, медициналық оңалту және ғылыми зерттеулер саласындағы бірлескен жобаларды талқылау мен іске асыруды қоса алғанда, одан әрі ынтымақтастықты дамыту туралы шешім қабылданды.

Ақп. 28, 2025, 6:34 Т.Қ.