ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту Ғылыми-зерттеу институты мен Түркияның Курорттық медицина қауымдастығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жарияланды: Диас
Келісім өзара әрекеттестіктің негізгі бағыттарын қамтиды, соның ішінде ғылыми ақпарат, тәжірибе, мамандандырылған әдебиеттер мен библиографиялық басылымдармен алмасу, сондай-ақ, курортология саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандардың қатысуымен бірлескен кеңестер, дәрістер, семинарлар және басқа да білім беру іс-шараларын өткізу жоспарланған.
Ынтымақтастық аясында Институт өкілдерінің алғашқы жұмыс кездесуі өтті. Оған ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Қанат Текебаев, Ғылыми зерттеулер басқармасының басшысы Мадина Бауыржан және Маркетинг және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Марлан Есілбаев, сондай-ақ Қауымдастық президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мүфіт Зеки Карагүлле қатысты.
Тараптар серіктестіктің перспективалық бағыттарын талқылап, алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын белгіледі.
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты санаторлы-курорттық емдеу және медициналық оңалту саласындағы жетекші сарапшылармен ынтымақтастықты нығайта отырып, халықаралық серіктестік байланыстарын кеңейтуді жалғастыруда.

Ақп. 28, 2025, 6:42 Т.Қ.