Алғыс күнімен
Жарияланды: Марлан
Құрметті отандастар!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ атынан Сіздерді Алғыс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Алғыс айту күні – ғасырлар бойы қоғамымыздың негізі болған бірлік, мейірімділік пен достықтың символы. Ол бізге қиын кездерде өз үйінің жылуын мұқтаж адамдармен бөліскен қазақ халқының жомарттығын еске салады.
Бүгін Алғыс айту күні бізді игі істерге, өзара сыйластыққа және еліміздегі бейбітшілікті нығайтуға шабыттандырады. Әр үйде үйлесімділік пен амандық орнап, халқымыздың бірлігі Қазақстанның өркендеуінің кепілі болсын!
Мереке құтты болсын!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директоры
Саягүл Қайыргелдина

Наурыз 1, 2025, 9:54 Т.Ж.