"Бурабай" ЕСК Алғыс айту күнін атап өтті

Жарияланды: Диас

1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні - біздің халқымызға ғасырлар бойы тән толеранттылықты, қонақжайлылық пен достықты бейнелейтін мереке атап өтіледі.

"Бурабай" емдеу-сауықтыру кешенінде бұл күн дәстүрлі түрде жылулық пен ризашылық атмосферасында өтеді. Биыл ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ филиалы «Бурабай» ЕСК-де Алғыс пен бірлік рухына толы салтанатты іс-шаралар өтті.

Санаторий ардагерлері мен демалушылар үшін балалар бөлімшесінің жас пациенттері мен кешен қызметкерлері мерекелік концерт дайындады. Кішкентай әртістер қонақтарды қуаныш пен мейірімділік атмосферасын құра отырып, өздерінің таланттарымен қуантты.

Санаторий ардагерлері – Майра Оспанова мен Жәния Әубәкіроваға ерекше көңіл бөлінді. Кешенді дамытуға қосқан үлестері үшін оларға алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді. Ардагерлер санаторийдің айтарлықтай ілгерілеуін, оның қарқынды дамуын атап өтіп, салт-дәстүрлерді сақтағаны және жетілдіруге ұмтылғаны үшін басшылық пен ұжымға алғыстарын білдірді. Кешен қызметкерлеріне қамқорлық, кәсібилік және жылы атмосфера үшін алғыс білдірген демалушыларда болды.

Күннің тағы бір маңызды оқиғасы, балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту бөліміндегі челлендж болды. Тәрбиеленушілер кешен қызметкерлеріне, ата-аналарына және жақындарына қамқорлық, көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Алғыс айту күні - бұл жай ғана мереке емес, өзара құрмет пен жақсылықтың маңыздылығын еске салады. Оның басты мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, достық және әртүрлі мәдениеттерге құрмет сезімін тәрбиелеу. Қазақстан тарихы бізге мейірімділік пен бірлік әрқашан бәрінен жоғары болғанын және біз бұл құндылықтарды болашақ ұрпаққа бере отырып, оларды ұқыпты сақтауымыз керек екенін үйретеді.

бейне материалды келесі сілтемелер бойынша көруге болады:

https://www.facebook.com/share/v/15uBHhAKxT/

https://www.instagram.com/reel/DGxYAPIi7Rq/?igsh=MTFhOXZzMDRoN212NQ==

Наурыз 4, 2025, 3:08 Т.Қ.