«Қазақстанның санаторийлерімен танысу» айдары - «Darhan» емдеу-сауықтыру кешені
Жарияланды: Диас
Кеңінен таралған Сарыағаш курортында орналасқан көптеген шипажайлар сауйықтыру бойынша түрлі қызметтер көрсетіп, бірнеше емдік процедураларды ұсынады. Соның бірі Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Көктерек кентінде орналасқан DARHAN emdeu onalty kecheny 2020 жылдан емдеу орнына айналып, Сізге тыныштық пен тепе теңдік жағдайында демалып, емделуіңізге кепілдік береді. Орталық бір мезетте 150 – ге жуық қонақты қабылдай алады. Қазақтың айта беретін «мыңда бір ауруға ем» дегені осы Сарыағаштың минералды суы, DARHAN emdeu onalty kecheny болады.
Емдеу іс шаралары Сарыағаш ұңғымасынан тартылған минералды суды пайдалану негізінде жүзеге асырылады. Сарыағаш минералды суы метоболизм процестерін реттейді, ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартады, ауыр металдардың тұздарын, токсиндерді,шлактарды ағзадан шығуына ықпал етеді. минералды суы Асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары, асқазан, он екі елі ішек жарасы, созылмалы өт қалтасының, бауыр ауруларының, колит, сусамыр, дизбактериоз, энтероколит сияқты ауруларға судың шипасы мол. Шипалы су бүйректегі тұз, құмды шаяды.
Европалық стандарттағы, ыңғайлы,заманауи стильде жабдықталған жартылай люксті нөмірлері сізді жайлылығымен қуантады.

Наурыз 4, 2025, 3:33 Т.Қ.