Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ «ROAD-SHOW» іс-шарасында серіктестік байланыстарын кеңейтуде

Жарияланды: admin

15-18 сәуір аралығында Ақмола облысының туризм басқармасына қарасты «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығы Ақмола облысының туристік әлеуетін ілгерілету бойынша 2024 жылға арналған «Four Seasons» жоспары аясында Ақтау және Шымкент қалаларында «ROAD-SHOW» іс-шарасын өткізді.

Іс-шараға ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ емдік дене шынықтыру нұсқаушысы Бақыт Амрина қатысты.

Іс-шараның мақсаты Ақмола облысындағы санаторлы-сауықтыру кешендерін, балаларды сауықтыру орталықтарын, сондай-ақ әртүрлі туристік бағыттарды, қызметтер мен өнімдерді насихаттау болды.

«ROAD-SHOW» бағдарламасы аясында өңірдегі шипажайлар, балалар сауықтыру орталықтары, Ақтау және Шымкент қалаларының кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, туроператорлар мен гидтер қатысқан конференциялар өтті.

Іс-шараның негізгі форматы ынтымақтастық мүмкіндіктерін анықтау және талқылау болды. Қатысушыларға ақпараттық материалдар, презентациялар және қызметтік каталогтар ұсынылып, сұрақтар қоюға және ынтымақтастықтың әлеуетті нысандарын талқылауға мүмкіндік берілді.

Бақыт Амрина курортология және медициналық оңалту ҒЗИ санаторлы-курорттық емдеу және оңалту саласындағы практикалық тәжірибесі мен мүмкіндіктерімен таныстырды. Институтта көрсетілетін медициналық қызметтердің алуан түрлері жайында ақпарат беріп, кәсіпорынның қызметі туралы бейнеролик көрсетті.

Нәтижесінде ортақ мүдделер айқындалып, алдағы уақытта бірлескен жұмыстың перспективті бағыттары айқындалды.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халық денсаулығын сақтау жөніндегі міндеттер аясында әріптестік байланыстарды кеңейтуді жалғастыруда.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ

Баспасөз қызметі

marlanyessilbaev@gmail.com

+7 747 239 29 53

Мамыр 24, 2024, 7:37 Т.Қ.