Мәскеуде "Санаторлы-курорттық емдеу және медициналық оңалту бағдарламаларындағы бальнеотерапия" тақырыбында VIII халықаралық конгресі өтті
Жарияланды: Диас
20-21 наурызда Мәскеуде Дүниежүзілік су ресурстары күніне орай "Санаторлы-курорттық емдеу және медициналық оңалту бағдарламаларындағы бальнеотерапия" атты VIII Халықаралық конгресс өтті.
Қазақстан, Ресей, Түркия және Италияның жетекші мамандары медициналық оңалту мен санаторлы-курорттық емдеуде табиғи емдік ресурстарды қолдануға арналған маңызды халықаралық форумға жиналды.
Іс-шарада "Қазақстан Республикасының ірі санаторий-курорттық мекемелеріндегі минералды сулардың таралуы мен түрлері" тақырыбында ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ Табиғи ресурстарды сынау және сараптау басқармасының басшысы Наталья Модина баяндама жасады.
Екі күн ішінде конгреске қатысушылар медициналық практикада бальнеотерапияны қолдану ерекшеліктерін, гидроминералдық ресурстарды қорғау мен ұтымды пайдалануды, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруді, курорттық инфрақұрылымды дамытуды, халықаралық ынтымақтастық перспективаларын қоса алғанда, көптеген мәселелерді талқылады.
Конгресс тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және санаторлы-курорттық емдеу мен медициналық оңалту саласында жаңа шешімдер табу үшін маңызды алаңға айналды.

Наурыз 26, 2025, 2:44 Т.Қ.