Туристік сала өкілдерімен кездесу - ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері
Жарияланды: Марлан
2025 жылғы 27 наурызда EXPO көрме кешенінің аумағында ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ Орталық аппараты өкілдерінің туристік саланың жетекші өкілдерімен кездесуі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты емдеу және сауықтыру туризмі саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау болды.
Кездесу барысында институттың бірінші филиалы – бронхөкпе жүйесі аурулары бар науқастарды оңалтуға маманданған "Бурабай" емдеу-сауықтыру кешеніне ерекше назар аударылды. Мұнда балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына ерекше ерекше көңіл бөлінеді, олар үшін медициналық процедураларды білім беру және демалыс қызметімен үйлестіретін кешенді бағдарламалар жасалды. Кешен ғылыми зерттеулер мен Қазақстанның бірегей табиғи ресурстарына негізделген жоғары сапалы оңалту және қалпына келтіру бағдарламаларын ұсынады.
Кездесу барысында Қазақстанда санаторлы-курорттық емдеуді дамыту, медициналық және сауықтыру қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту және басқа да өзекті мәселелер сияқты негізгі тақырыптар қозғалды.
Іс-шараға "Kazakh Tourism "Ұлттық компаниясы" АҚ, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері, "Visit Astana", жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ жетекші туристік операторлар қатысты.
Қатысушылар ішкі сауықтыру туризмін дамытудың маңыздылығын атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша серіктестік байланыстарды нығайтуға, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және Қазақстанда санаторлы-курорттық демалысты танымал етуге бағытталған өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалды.

Наурыз 27, 2025, 6:28 Т.Қ.