Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту
Жарияланды: Диас
2025 жылғы 27 наурызда ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ және оның филиалы "Бурабай" емдеу - сауықтыру кешенінде қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мамандарының қатысуымен институттың комплаенс-қызметі ұйымдастырды. Кездесу барысында ведомство өкілдері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын түсіндірді, олардың алдын алу тетіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ кәсіби қызметте парасаттылық пен заңдылық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай оқыту іс-шаралары қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Наурыз 28, 2025, 3:12 Т.Қ.