"Бурабай" ЕСК-де балаларды қалпына келтіру мен дамытудың кешенді тәсілі
Жарияланды: Диас
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ филиалы "Бурабай" емдеу-сауықтыру кешенінің балалар мен жасөспірімдерге арналған Оңалту бөлімшесінде жас пациенттерді сауықтыруға ғана емес, олардың жан-жақты дамуына да аса көңіл бөлінеді.
Оңалту процесін одан да тиімді ету үшін балалардың шығармашылық, интеллектуалдық және физикалық қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Күн сайын балалар қызықты ойындарға, шығармашылық шеберлік және танымдық сабақтарға қатысады, бұл олардың әлеуетін ашуға және тезірек қалпына келуіне көмектеседі.
"Бурабай" емдеу-сауықтыру кешенінде әркім сапалы ем алып қана қоймай, жарқын әсер алатын әрдайым жайлы және қолайлы орта қалыптасқан.

Наурыз 31, 2025, 9:33 Т.Ж.