ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ ЕЭО ТР 044/2017 «Қапталған ауыз судың, оның ішінде табиғи минералды судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістерді әзірлеуге қатысуда.

Жарияланды: admin

2024 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Армения және Беларусь сарапшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ отырысы өтті, онда осы техникалық регламенттерді жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды.

Қазақстаннан кездесуге ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Азық-түлік өнімдерінің техникалық регламенттерін бақылау департаментінің басшысы Әйгерім Садубаева, ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директоры Саягүл Қайыргелдина, ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ кешенді зерттеу бөлімінің басшысы Наталья Модина және Қазақ тағамтану академиясының жетекші маманы Айгүл Шәріпбаева қатысты.

Қазақстан үшін негізгі мәселелердің бірі 1 г/л дейін минералданған төмен кремнийлі сулардың жағдайы болды.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директоры Саягүл Қайыргелдина Сарыағаш курортында және еліміздегі басқа курорттыө шипажайларда бальнеологиялық маңызы клиникалық тексерулермен дәлелденген, минералдануы 1 г/л-ден төмен кремнийді сулардың емдік ас сулары ретінде мәртебесін сақтау қажеттігі туралы нақты ұстанымын білдірді.

Ұсыныстар емдік және профилактикалық мақсатта қолдануға медициналық көрсеткіштері жоқ ас сулары ғана емес, олардың емдік ас сулары ретінде бальнеологиялық мәртебесін сақтауға бағытталған.

ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жобаны пысықтау және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Еуразиялық экономикалық комиссия қарауына ұсыну кезінде аталған аспектілерді қарастыру туралы ұсыныспен тиісті хабарлама жолданды.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халық денсаулығын сақтаудағы өз ісін жалғастыруда.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ

Баспасөз қызметі

marlanyessilbaev@gmail.com

+7 747 239 29 53

Мамыр 24, 2024, 7:38 Т.Қ.