Астанада "Орталық Азия - туберкулезден азат" бастамасын іске қосу бойынша субөңірлік кеңес өтті
Жарияланды: Диас
Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің денсаулық сақтау министрлерінің V-ші кездесуі аясында "Орталық Азия туберкулезден азат" бастамасын іске қосу тақырыбында субөңірлік кеңес өтті. Іс-шара өңірлік деңгейде туберкулезге қарсы күресте күш-жігерді біріктіру жолындағы маңызды қадам болды.
Кеңеске Орталық Азия елдерінің денсаулық сақтау министрлері, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының өкілдері, медициналық қоғамдастық, студенттер, қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шараға сондай-ақ ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директоры Саягүл Қайыргелдина қатысты, бұл туберкулезге қарсы кешенді күресте санаторлы-курорттық және оңалту тәсілдерін қолданудың маңыздылығын көрсетуде.
Панельдік талқылау барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының өңірлік директоры доктор Ханс Клюге, сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан денсаулық сақтау ведомстволарының басшылары және Қытай, Оңтүстік Африка және басқа елдердің өкілдері сөз сөйледі.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар "Орталық Азия – туберкулезден азат" бастамасын іске қосу туралы Декларацияға қол қойды, осылайша өңірде туберкулезбен сырқаттанушылықты азайту және жою бойынша бірлескен жұмысқа дайындығын растады.



Сәуір 8, 2025, 12:41 Т.Қ.