Қазақ тамақтану академиясындағы жұмыс кездесуі

Жарияланды: Марлан

Алматыда ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ делегациясының Қазақ тамақтану академиясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Делегация құрамына институт директоры Саягүл Қайыргелдина, директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Қанат Текебаев, Ғылыми зерттеулер басқармасының басшысы Мадина Бауыржан, Табиғи ресурстарды сынау және сараптау басқармасының басшысы Наталья Модина, сондай-ақ баспасөз хатшысы Диас Нұрғалиев кірді.

Қазақ тамақтану академиясы тарапынан кездесуге Атқарушы директор Арман Кимиль және тамақтану жөніндегі маман Вероника Уливанова қатысты.

Кездесу барысында санаторийлерде, жыл бойы санаторлы-курорттық ұйымдарда, сондай-ақ балалар санаторий-курорттық мекемелерінде тәуліктік тамақтану нормаларының стандартын құру жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындау жоспарын бірлесіп әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, санаторлы-курорттық емдеу саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары және ғылыми жарияланымдар саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды.

Қол жеткізілген уағдаластықтарды ресми рәсімдеу үшін тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға келісті.

Сәуір 10, 2025, 6:56 Т.Қ.