«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ кезекті «Таза бейсенбілік» өтті.

Жарияланды: admin

Медициналық және әкімшілік қызметкерлерінен, институт ұстаздары мен тәрбиешілерінен құралған ынтымағы жарасқан ұжым сенбілікке шығып, айналаны тазартып, көріктендірді.

Акцияға қатысушылар бірігіп қоқыстарды, құрғақ жапырақтарды шығарып, ғимараттардың қасбеттері мен баспалдақтарды абаттандырды.

Тазалық пен тәртіп тек эстетикалық мәселе емес. Бұл емделушілердің, мекеме қызметкерлері мен қонақтарының денсаулығына қамқорлық жасау, сондай-ақ қолайлы орта құруға үлес қосу.

Сенбілікке қатысқан әрбір адам денсаулық пен әл-ауқатын жақсартуға шағын, бірақ маңызды қадам жасады. Өйткені, тазалыққа бірлесе қамқорлық жасау – біздің және келешек ұрпақтың бақытты болашағының кепілі.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халық денсаулығын сақтаудағы өз ісін жалғастыруда.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ

Баспасөз қызметі

marlanyessilbaev@gmail.com

+7 747 239 29 53

Мамыр 24, 2024, 7:39 Т.Қ.