ШЫҰ мүше мемлекеттерінің Денсаулық сақтау министрлерінің кездесуі аясында сарапшылардың екінші отырысы
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ Орталық аппаратының өкілдері ШЫҰ елдерінің денсаулық сақтау министрлерінің кеңесін дайындау жөніндегі сарапшылардың екінші отырысына қатысты.
Кездесуде 2025 жылғы 27-28 сәуірде Қытай Халық Республикасының төрағалығымен Сиань қаласында (ҚХР) өтетін алдағы кеңестің күн тәртібі талқыланды.
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ-нің халықаралық іс-шараларды дайындауға қатысуы оның денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы белсенді ұстанымын көрсетеді.

Сәуір 17, 2025, 10:43 Т.Ж.