"Таза бейсенбі" Акциясы

Жарияланды: Диас

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ филиалы "Бурабай" емдеу-сауықтыру кешенінде "Таза бейсенбі" акциясы өтті.

Медициналық және әкімшілік қызметкерлер, тәрбиешілер мен ұстаздар кешеннің аумақтарын тазарту және абаттандыру үшін бірігіп жұмыс жасады. Акцияға қатысушылар қоқыстарды, құрғақ жапырақтарды алып тастап, корпустың қасбеттері мен баспалдақ аралықтарын ретке келтірді.

Тазалық тек эстетика ғана емес, сонымен қатар пациенттердің, қызметкерлердің және қонақтардың денсаулығына қамқорлық.

Әрқайсысы жайлы және қауіпсіз орта құруға өз үлестерін қосты.

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халық денсаулығын сақтаудағы өз ісін жалғастыруда.

Сәуір 18, 2025, 5:57 Т.Қ.