Ғылыми-техникалық кеңестің отырысы
Жарияланды: Марлан
Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ ғылыми ынтымақтастық пен саланы дамыту перспективаларын талқылады
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ-да Ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті, оның шеңберінде ғылыми қызметтің басым бағыттары және курортология және медициналық оңалту саласындағы әріптестікті кеңейту жолдары қаралды.
Отырыс барысында ағымдағы зерттеулер мен жобаларға талдау жүргізілді, дамудың перспективалық бағыттары айқындалды, сондай-ақ Қазақстанның санаторлы-курорттық ұйымдарын ғылыми жұмысқа белсенді тарту жөнінде ұсыныстар әзірленді.
Қазақстанда және шетелде ғылыми серіктестермен байланыс орнату мүмкіндіктері талқыланды, сондай-ақ қаржыландырудың баламалы көздерін тарту және бейінді ғылыми орталықтармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі шаралар қаралды.
Отырыс Ғылыми-техникалық кеңес мүшелерін Ғылым қызметкерлері күні - денсаулық сақтау жүйесіндегі ғылыми даму мен инновацияларға үлес қосатындардың барлығының кәсіби мерекесімен салтанатты құттықтаумен аяқталды.
Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ ғылыми өзара іс-қимылды нығайту, ғылым мен практиканы интеграциялау, сондай-ақ Қазақстанды халықаралық курортология және медициналық оңалту орталығы ретінде ілгерілету жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Сәуір 18, 2025, 6:04 Т.Қ.