Қазақстан денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруде: дәрігерлерді қолдаудың жаңа шаралары және вейппен күрес
Жарияланды: admin
2024 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы медицина қызметкерлерін қолдауға және халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған.
Жаңа заңның негізгі ережелері:
Медицина қызметкерлерінің балаларын тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі мекемелерде басым тәртіппен қамтамасыз ету.
Кәсіби қызметке заңсыз араласудан және кедергі жасаудан қорғау.
Көрнекті дәрігерлерге «Қазақстанның еңбек сіңірген дарігері» құрметті атағын беру.
Қажетсіз есеп беруден және ақпараттық жүктемеден құтылу.
Ауылдық жерлерге кемінде 5 жыл мерзімге жұмыс істеуге келген тапшы мамандықтағы дәрігерлерге ең төменгі жалақының жүз еселенген мөлшерінде біржолғы төлемдер.
Жаңа заң Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жағдайды жақсартуға, оның ішінде медицина саласының беделін арттыруға, медицина қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайларын жасауға, халыққа медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға, темекі мен вейп тұтыну деңгейін төмендетуге, әсіресе жастар арасында, сонымен қатар ұлт денсаулығын нығайтуға бағытталған.
Медицина қауымы мен сарапшылардың белсенді қатысуымен әзірленген заң елімізде заманауи әрі тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру жолындағы елеулі қадам болып табылады.
Заңда көзделген шаралар ел тұрғындарының денсаулығына ұзақ мерзімді оң әсер етеді деп күтілуде.
Айта кету керек, Қазақстан Орталық Азиядағы вейп таралуына заңды түрде тыйым салған бірінші мемлекет болды.
Бұл осы жаман әдетпен күресуде аймақтағы басқа елдер қолдана алатын маңызды үлгі.
Бұл заңға қол қою – біздің ел басшылығының азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатын арттыруға деген ұмтылысының тағы бір дәлелі.


Мамыр 24, 2024, 7:40 Т.Қ.