«Инновациялар, медицина және болашақтың нутрициологиясы» конференциясы

Жарияланды: Диас

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ Табиғи ресурстарды сынау және сараптау басқармасының басшысы Наталья Модина Қазақ тамақтану академиясы ұйымдастырған "Инновациялар, медицина және болашақтың нутрициологиясы" ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Медицина профессоры, Қазақ тамақтану академиясының президенті Алмаз Шарманның төрағалығымен өткен іс-шара Денсаулық сақтау, биомедицина, диетология және цифрлық технологиялар саласындағы сарапшыларды біріктірді.

Конференция аясында денсаулық сақтау жүйесіне биомедициналық технологияларды енгізу, ауруларды диагностикалау мен алдын алуда жасанды интеллектті қолдану, мектептегі тамақтануды стандарттау, нутрициология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту сияқты болашақ нутрициология мен медицинаны дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Тамақтану және салауатты өмір салты мәселелері бойынша жеке көмекші ретінде әзірленген мобильді қосымша - "Nutrj Steppe" инновациялық жобасының тұсаукесеріне ерекше назар аударды. Құрал дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстарды кең аудиторияға қол жетімді етуге және профилактикалық бағдарламалардың бір бөлігі болуға арналған.

Наталья Модинаның форумға қатысуы ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ-нің санаторлы-курорттық сауықтыру және медициналық профилактика практикасына заманауи ғылыми жетістіктерді интеграциялауға деген ұмтылысын көрсетеді.

Сәуір 23, 2025, 11:56 Т.Ж.