Қазақстандық технологияларды коммерцияландыру орталығындағы жұмыс кездесуі

Жарияланды: Диас

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Қанат Текебаев пен Ғылыми зерттеулер басқармасының басшысы Мадина Бауыржан Қазақстандық технологияларды коммерцияландыру орталығының бас директоры Құрманғазы Омаровпен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында тараптар перспективалы ғылыми жобалар туралы ақпарат алмасу, оларды одан әрі коммерцияландыру мақсатында аяқталған зерттеулерге сараптамалық бағалау жүргізу, талдамалық, статистикалық және құқықтық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау, жобаларды дайындау және іске асыру саласындағы үздік тәжірибелерді тарату, ғылыми әзірлемелерді енгізу үшін тиісті материалдық-техникалық базасы бар бизнес-серіктестерді тарту сияқты бағыттарда ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде ынтымақтастықты ресімдеу туралы шешім қабылданды.

Сәуір 23, 2025, 12:15 Т.Қ.