Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институтымен бірге салауатты өмірге қайта оралу

Жарияланды: admin

«Демалушы пікірі» айдары аясында Алматы қаласынан келген еңбек ардагері, тың игерушісі, социалистік жарыс жеңімпазы Қайнарбаева Хадиша Қайыпқызының бейне жолдауын ұсынамыз. Ол институтта болған кезде алған әсерімен бөлісіп, емделу және демалушылардың бос уақытын өткізуге арналған түрлі мүмкіндіктер туралы әңгімелейді.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ бронх-өкпе жүйесі проблемаларынан бастап орталық жүйке жүйесі ауруларына дейінгі кең ауқымды ауруларды емдеуге маманданған Қазақстандағы жетекші мекеме болып табылады.

Біздің институттың ерекшілігі - ересектер мен балаларға арналған кешенді медициналық оңалтуды ұсыну. Бағдарламаларымыз әр науқас үшін жеке әзірленген және оған климатотерапия, физиотерапия, қымыз терапиясы, шөптермен емдеу, бальнеотерапия, гидротерапия, озокерит терапиясы, физиотерапиялық процедуралар, массаж және т.б. кіреді.

Институттың миссиясы - халықтың өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер ететін инновациялық ұйымдастыру моделін құру және енгізу. Біз отандық және шетелдік озық технологиялар негізінде қолжетімді, сапалы, үздіксіз және тиімді кешенді оңалтуды қамтамасыз етуге ұмтыламыз.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ-да сіз тәжірибелі дәрігерлер ұжымын, жоғары білікті мамандарды және емдеу мен сауығуға қолайлы жағдайларды таба аласыз. Біз әрбір адамның салауатты және толыққанды өмір сүруге құқығы бар екеніне сенімдіміз.

Біздің міндетіміз – халық денсаулығын сақтауға және өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесу.

Пікірлерінізге рахмет, құрметті демалушылар! Бұл институт қызметкерлерін ынталандырудың тағы бір маңызды көзі болып табылады.

Мамыр 24, 2024, 8:33 Т.Қ.