Бурабайда Қазақстандағы туризмнің болашағы талқыланды
Жарияланды: Диас
2025 жылдың 29-30 сәуірінде Wyndham Garden (Бурабай кеңті) қонақ үйінде «Қазақстан туризмі - жағдайы мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Қатысушыларға Ақмола облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, сондай-ақ Бурабай ауданы әкімдігінің өкілдері құттықтау сөз сөйледі.
Пленарлық сессия аясында саланы дамытудың негізгі бағыттары, қазіргі әлемде балалар мен жасөспірімдер туризмі мен өлкетануды әдіснамалық сүйемелдеу, халықаралық әріптестік тәжірибесі бойынша баяндамалар айтылды.
Секциялық отырыстарда Қазақстандағы ішкі туризмді дамыту мәселелері мен жолдары, шетелдік туризм және отандық турпотенциалды ілгерілету шаралары, сондай-ақ туризмнің тұрақты дамуының негізі ретінде жүйелі тәсіл қарастырылды.
Іс-шараға ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ филиалы «Бурабай» емдеу-сауықтыру кешенінің Оқу-тәрбие бөлімінің меңгерушісі Динара Орлова қатысты.
Институт өкілдерінің осындай шараларға қатысуы, оның Қазақстанның курорттық, сауықтыру және туристік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған процестердің сарапшысы және белсенді қатысушысы ретіндегі орнықты рөлін көрсетеді.

Мамыр 2, 2025, 11:21 Т.Ж.