Мемлекеттік Академиялық филармониясының концерті
Жарияланды: Диас
🎶 ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ филиалы "Бурабай" емдеу-сауықтыру кешенінде Астана қаласынан Ермеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік Академиялық филармониясының концерті өтті.
Демалушылар алдында Мәдениет саласының үздіктері Жақсыкелді Маясаров пен Әйгерім Нартүй, сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұрсәт Алмас, Фируза Рахметова, Алтынбек Арыстанбек, Әкімхан Мәженов және Айдын Жұмабай өз өнерелерін көрсетті.
Әртістердің жанды орындауы, шеберлігі мен сахналық әсемділігі көрермендерге ұмытылмас эмоциялар мен шынайы эстетикалық ләззат сыйлады.
"Бурабай" емдеу-сауықтыру кешені - бұл тек адам денсаулығына ғана емес, әр демалушының рухани үйлесімділігіне де қамқорлық жасайтын орын.

Мамыр 6, 2025, 4:06 Т.Қ.