Отан қорғаушы Күнімен!
Жарияланды: Диас
Құрметті қазақстандықтар!
Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
Бұл тек әскери қызметшілер үшін ғана емес, елдің барлық азаматтары үшін ерекше маңызға ие, борышқа деген адалдықты, патриотизмді және Отанға қызмет етуге дайындықты білдіретін күн.
Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды сенімді қамтамасыз етеді, тұрақтылық пен ұлттық бірлікті нығайтады.
Бүгінде әскери қызметшілер кәсібилік пен жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсете отырып, батыр ата-бабалардың даңқты дәстүрлерін жалғастыруда.
Өз өмірін еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен және мүдделерін қорғаумен байланыстырған азаматтарымызға ризашылығымызды білдіреміз.
Барлық отандастарымызға зор денсаулық, амандық және бейбіт аспан тілейміз!
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ

Мамыр 7, 2025, 10:38 Т.Ж.