Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ қолөнер жәрмеңкесі

Жарияланды: admin

1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күні ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ аумағында мерекелік қолөнер жәрмеңкесі өтті.

Қатысушылар Бурабай ауылының кәсіпкерлері ұсынған қолдан жасалған бұйымдардың бай ассортиментімен таныса алды.

Жәрмеңкеге қатысушылар мен қонақтар үшін ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ мәдени жұмыс бөлімі концерттік бағдарлама мен жалынды билер түрінде қызықты іс-шаралар дайындады.

Жәрмеңкенің барлық қонақтарына институттың дәмді тағамдары – тәтті бауырсақ, үлпілдек тоқаш, сергітетін компот және дәстүрлі қымыз ұсынылды.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халықтың денсаулығын сақтаудағы негізгі миссиясынан басқа, кәсіпкерлік, бос уақытты ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау сияқты өмірдің басқа да маңызды салаларын дамытуға белсенді түрде ықпал етуде..

Осындай қолөнер жәрмеңкесі сияқты іс-шаралар шағын және орта бизнесті қолдап қана қоймай, қазақ халқының бай дәстүрін сақтауға, сондай-ақ облыс тұрғындарын біріктіруге септігін тигізеді.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ

Баспасөз қызметі

Мамыр 24, 2024, 8:37 Т.Қ.