Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шаралар және “Денсаулық аркасының” салтанатты ашылуы
Жарияланды: Милана
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ филиалы "Бурабай" емдеу-сауықтыру кешенінде Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
Іс-шара аясында “Денсаулық аркасының” салтанатты ашылуы болды.
Институт директоры Саягүл Қайыргелдина ересектер мен балалардың денсаулығын қалпына келтіру жолындағы жоғары кәсібилігі, қамқорлығы мен көмегі үшін дәрігерлерді Құрмет грамоталарымен марапаттады.
Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!
Адал еңбектеріңізге, кәсіби шеберліктеріңізге, мейірімділіктеріңіз бен жанашырлықтарыңызға зор алғысымызды білдіреміз!

Маусым 15, 2025, 10:43 Т.Ж.