ЕҢБЕК ЖӘНЕ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ДАҢҚ ПЕН ҚҰРМЕТ
Жарияланды: admin
Қазақстан халқы бірлігі күнін мерекелеу аясында Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында Бурабай аудандық мәслихатының депутаты, ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директоры Саягүл Қайыргелдина Ақмола облысы Бурабай ауданы Зеленабор ауылдық округінің ардагерлері – тыл еңбеккерлері мен институт ардагерлерін құттықтады.
Соғыс жылдарындағы адалдығы мен табандылығы үшін тыл ардагерлеріне, мекеменің дамуына 30-40 жыл өмірін арнаған институт ардагерлеріне ерекше алғыс сөздер айтылды. Саягүл Қайыргелдина бұл азаматтардың ел іргесін нығайтып, мүддесін қорғауға қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті.
Біздің ардагерлеріміз - Абушахманова Дамежан Абушахманқызы - Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі, Акасова Назым Анасқызы - тыл еңбеккері, Гильмутдинова Мусалия Асылмарданқызы - тыл еңбеккері, Келдияр Ермек Өпеұлы - тыл еңбеккері, Плотникова Евдокия Дмитриевна - тыл еңбеккері, Сидоренко Мария Ивановна - тыл еңбеккері, Троценко Пелагея Андреевна - тыл еңбеккері, Дробная Нина Павловна – тыл еңбеккері, Клочай Мария Павловна - тыл еңбеккері.
Кездесу батырлардың рухына тағзым ету ғана емес, олардың ерлігіне деген терең ризашылық сезіміне айналды.
Шара аясында барлық ардагерлерге азық-түлік себеттері таратылды.
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халық денсаулығын қорғаудағы өз ісін жалғастыруда.
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ
Баспасөз қызметі





Мамыр 24, 2024, 8:39 Т.Қ.