АНДАТПА

Жарияланды: Милана

2025 жылдың 7 тамызында Астана қаласы, Кабанбай батыр көшесі, 3 мекенжайындағы "Салтанат Сарайы" мерекелік сарайында "Шипажай-2025" атты Х Халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтеді.

"Шипажай" форумы - санаторлық-курорттық және оңалту саласында жұмыс істейтін денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қатысушыларын біріктіретін ірі шара. Форумның мақсаты – курорттық медицина саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, озық тәжірибелерді енгізуге, тәжірибе алмасуға және саланы дамытуға арналған тиімді орта қалыптастыру.

Форум аясында жоспарланған іс-шаралар:

1. «Курорттық медицина мен физикалық оңалтудың жаңа технологиялары: жетістіктер мен перспективалар» атты конференция;

2. «Санаторлы-курорттық саладағы цифрлық шешімдер» атты семинар;

3. «Санаторлы-курорттық емдеудегі дәстүрлі медицинаның рөлі» атты шетелдік сарапшылар қатысатын практикалық мастер-класс.

Форумға бальнеология саласындағы отандық және шетелдік жетекші сарапшылар, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының өкілдері, оңалту орталықтары, санаторийлер, фармацевтикалық компаниялар және медициналық жабдық өндірушілер қатысады.

Форум аясында Қазақстан мен шетелде әзірленген заманауи технологиялардың көрмесі өтеді. Көрмеде соңғы медициналық жаңалықтар мен шешімдер ұсынылады: санаторлы-курорттық қызметтер; минералды сулар, емдік балшық және климатпен емдеу; диагностикалық, емдік және оңалту жабдықтары; емдік тамақтану және anti-age технологиялары; косметология, эстетикалық медицина, SPA және Wellness; дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспалар; бальнеология саласындағы IT шешімдер мен цифрлық технологиялар; арнайы медициналық және бальнеологиялық әдебиеттер және тағы басқа көптеген жаңалықтар.

Форумға қатысуға қызығушылық танытқан ұйымдар мен сала мамандарын қатысуға шақырамыз!

📞 Байланыс тұлғасы: Марлан Есілбаев

📱 Моб. телефон: +7 747 239 2953

📧 Электронды пошта: press.niikurortology@gmail.com

🔗 Тіркелу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/1RVQCN6TZCEzEN6H7y-AQE-19832M6kNTNHxqft2G1kM/edit

Маусым 20, 2025, 10:21 Т.Ж.