Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен құттықтайды!

Жарияланды: admin

Бұл күн халқымыздың өшпес ерлігі мен жанқиярлығының нышаны, бейбітшілік пен бостандық үшін төленген бағаны еске салады.

Майданда ерлікпен шайқасқан, тылда аянбай еңбек еткен ардагерлерге терең құрметпен бас иеміз. Олардың ерліктері мен Жеңіске қосқан шексіз үлесі біз үшін рух пен күш-қуаттың қайнар көзі болып, жадымызда мәңгі сақталады.

Бүгін біз қаза болған батырларды еске алып, олардың ерлігі мен жанқиярлығына тағзым етеміз. Олардың елге тірек, қалқан болған қайсарлығы мен рухына бас иеміз.

Жеңіс күні жай ғана мереке емес, ол қайсарлықтың, ұлтжандылықтың, халықтың бірлігінің белгісі. Ол бізді Отанымызды сүюге, аялай білуге, басымыздағы бейбіт аспанның қадірін білуге және өз өмірін қиып азаттыққа қол жеткізген жандардың ерлігін жүрегімізде сақтауға үйретеді.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, жаңа жетістіктер және төбелеріңізде бейбіт аспан тілейміз!

Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігі ерліктің, табандылықтың және Отанға деген сүйіспеншіліктің мәңгілік үлгісі болып қала берсін.

Мамыр 24, 2024, 8:41 Т.Қ.