EuropeSpa med өкілімен жұмыс кездесуі

Жарияланды: Милана

ҚР ДСМ Rурортология және медициналық оңалту ҒЗИ Маркетинг және халықаралық ынтымақтастық басқармасы Europespa med & wellness GmbH (Германия) негізін қалаушы және бас директоры доктор Курт фон Сторхпен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның бірқатар санаторks-курорттық ұйымдарын халықаралық стандарттар бойынша алдағы аккредиттеуге қатысты ұйымдастырушылық мәселелерді талқылап, одан әрі іс-қимылдың бірлескен жоспарын әзірледі.

Халықаралық аккредиттеу отандық шипажайларға деген сенімді нығайтудағы, курорттық қызметтердің сапасын арттырудағы және әлемдік аренада Қазақстанның туристік имиджін ілгерілетудегі маңызды қадам болмақ.

Шілде 8, 2025, 9:19 Т.Ж.