Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ Жеңіс күнін атап өтті
Жарияланды: admin
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ демалушыларға мерекелік шара ұйымдастырды.
Бас әкімші Айнагүл Тоқсанбаева мен бас медбике Индира Сұлтанова мерекелік бағдарламаны үлкен ықыласпен дайындап, жиналғандарды осы маңызды мейраммен құттықтады.
Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың ғажайып күш-жігері мен орасан құрбандықтарының арқасында жетті.
Ұлы Отан соғысының барша ардагерлеріне шын жүректен зор денсаулық, ұзақ өмір, бейбітшілік, амандық пен бақ-береке тілейміз!
Біз үшін азаттық пен тәуелсіздікті жеңіп алған ата-бабаларымыздың ерлігі қайсарлықтың, туған жерді сүюдің мәңгілік үлгісі болып қала берсін.
Біз бейбіт болашағымыз үшін жанын қиған батырлардың ерлігін есте сақтап, өскелең ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуіді жалғастыруымыз керек.
Еліміздің аспаны әрқашан ашық болып, әрқайсымыздың жүрегімізде бірлік, келісім мен Отанға деген сүйіспеншілік орнасын!
Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
#Бейбіт күнге алғыс


Мамыр 24, 2024, 8:54 Т.Қ.