Қазақстандағы санаторлы-курорттық ұйымдардың бірыңғай стандарты - сапалы қызмет көрсетудің кепілі
Жарияланды: admin
ҚР ДСМ Бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің бұйрығына сәйкес еліміздің санаторлы-курорттық мекемелеріне үйлестіру және әдістемелік басшылықты қамтамасыз ету үшін Жұмыс тобы құрылып, оның осы мекемелерге шығу кестесі бекітілді.
Жұмыс тобының құрамына ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің медициналық-әлеуметтік оңалту басқармасының бас сарапшысы, ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институтының директоры, ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері, Ұлттық балаларды оңалту орталығы өкілдері, жергілікті Денсаулық басқармаларынын басшылары және «Атамекен» ҰКП өкілдері кірді.
2024 жылдың 15-20 сәуірі аралығында Жұмыс тобы Шымкент қаласы мен Түркістан облысына сапарлар ұйымдастырды.
Жұмыс тобы өңірдегі курорттық-сауықтыру қызметін көрсететін 57 ұйымға кеңестік кездесулер жүргізіп, сондай-ақ Шымкент қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында облыстағы курорттық қызметті дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді.
2024 жылдың 30 сәуірі мен 3 мамыры аралығында жұмыс тобы Ұлытау және Қарағанды облыстарындағы шипажайларда болды. Кеңестер Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларында өтті. Жұмыс тобына ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ қызметкерлерінен басқа, жергілікті қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының басшылары кірді.
Атқарылған жұмыстарды талдау нәтижелері бойынша Жұмыс тобының мүшелері шипажайлардың өзекті мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдайды.
Бұл ұсыныстарды жүзеге асыру Қазақстандағы курорттық қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халық денсаулығын сақтаудағы өз ісін жалғастыруда.
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ
Баспасөз қызметі
Мамыр 24, 2024, 8:54 Т.Қ.