АҚШ-тың Global Healthcare Accreditation (GHA) халықаралық ұйымының өкілдерімен жұмыс кездесуі
Жарияланды: Dana
АҚШ-тың Global Healthcare Accreditation (GHA) халықаралық ұйымының өкілдерімен жұмыс кездесуі
2025 жылғы 7 қазанда бейнеконференция форматында ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты мен Global Healthcare Accreditation (GHA, АҚШ) халықаралық ұйымының басшылығы арасында жұмыс кездесуі өтті.
GHA тарапынан кездесуге президент Рене-Мари Стефано мен атқарушы директор Билл Кук қатысты.
Кездесу барысында тараптар санаторий-курорт ұйымдарын аккредиттеу және сертификаттау саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, пациенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерін, сондай-ақ Қазақстандағы медициналық және wellness-туризмді дамыту жолдарын талқылады.
GHA өкілдері халықаралық аккредиттеудің пациенттердің сенімін нығайтуға, қызмет көрсету процестерін стандарттауға, сервисті жетілдіруге және медициналық мекемелерді әлемдік деңгейде ілгерілетуге ықпал ететінін атап өтті.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар нақты өзара іс-қимыл бағыттарын пысықтау үшін диалогты жалғастырып, ақпарат алмасу жөнінде уағдаласты.
«Біз Қазақстандағы медициналық және wellness-туризмді дамытудың зор әлеуетін көріп отырмыз және қазақстандық санаторийлерді халықаралық аренада ілгерілету бойынша сараптамалық қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді GHA президенті Рене-Мари Стефано.
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ
Баспасөз қызметі
🌐 www.burabay-mzrk.kz
📧 press.niikurortology@gmail.com

Қаз. 8, 2025, 11:24 Т.Ж.
