«Өзбекстан - Жібек жолының інжу-маржаны» туристік форумы
Жарияланды: Милана
Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ өкілдері «Өзбекстан - Жібек жолының інжу-маржаны» туристік форумына қатысты
2025 жылғы 15 қазанда Астанада ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ орталық аппаратының өкілдері директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Қанат Текебаев бастаған «Өзбекстан - Жібек жолының інжу-маржаны» туристік форумына қатысты.
Іс-шараның шеңберінде қатысушыларға институттың қызметі және медициналық туризмнің негізгі бағыттарының бірі ретінде санаторийлік-курорттық саланы дамыту перспективалары туралы ақпарат ұсынылды.
Форумның шеңберінде бірқатар қатысушы ұйымдармен іскерлік келіссөздер өтті. Олардың қорытындысы бойынша бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын іске асыру, сондай-ақ мамандар арасында тәжірибе алмасу саласында «MEDICA» компаниясымен (Өзбекстан Республикасы) ынтымақтастық туралы меморандум жасасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Өзбек әріптестермен әріптестік байланыстарды дамыту курортология және медициналық оңалту саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болады, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы әлеуетін ілгерілету үшін серпін болады.

Қаз. 15, 2025, 5:09 Т.Қ.
