Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары «Спутник» Демалыс үйінің санаторлы-курорттық маусымының ашылуына қатысты

Жарияланды: admin

024 жылдың 13 мамырында ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары Әсел Артакшинова Алматы облысы Талғар ауданындағы Қазақстан соқырлар қоғамының (ҚСҚ) «Спутник» демалыс үйінің санаторлы-курорттық маусымының ашылу салтанатына қатысты.

Қатысушылар арасында сондай-ақ ҚСҚ 19 филиалының, ҮЕҰ және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері болды.

«Спутник» демалыс үйінің санаторлы-курорттық маусымының ашылуына және Наурыз мейрамына арналған іс-шара патриоттық рухты дамыту, көзі нашар көретін адамдарды ұлттық-мәдени құндылықтармен таныстыру, шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету және ҚСҚ мүшелерінің және қоғамның басқа институттарының арасындағы достық қарым-қатынастарды қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Әсел Артакшинова өз сөзінде, ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ қызметі мен миссиясы туралы айтып, мемлекет тарапынан инклюзивті қоғамды жақсарту және дамыту бойынша жүйелі шаралар іске асырылып жатқанына тоқталды.

Іссапар барысында Әсел Артакшинова елдегі санаторлы-курорттық қызмет көрсету сапасын арттыру және санаторлы-курорттық ұйымдарды үйлестіру және әдістемелік басқару жөніндегі Жұмыс тобының мүшесі ретінде «Спутник» Демалыс үйінің тұрғын ғимараттарын, төсек-орын сыйымдылығын, тамақтандыру және медициналық бөлімдерін қарап, анықталған проблемалық аспектілерді жақсарту бойынша сындарлы ұсыныстар берді.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халық денсаулығын сақтаудағы өз ісін жалғастыруда.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ

Баспасөз қызметі

Мамыр 24, 2024, 8:57 Т.Қ.