"Turar Healthcare" КЕАҚ өкілдерімен жұмыс кездесуі

Жарияланды: Милана

2025 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Қанат Текебаев пен директордың экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Нұрлан Нысамбаевтың «Turar Healthcare» КеАҚ өкілдері — басқарма төрағасының орынбасары Санжар Раисовпен және Денсаулық сақтау инфрақұрылымы нысандарын жоспарлау департаментінің бас жобалау менеджері Әлішер Ерболовпен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар санаторийлік-курорттық ұйымдарды жаңғырту саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін, сондай-ақ олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға инвестициялар тарту тетіктерін талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша әріптестік қатынастарды одан әрі дамыту және Қазақстанның санаторийлік-курорттық кешенінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесу әріптестік байланыстарды нығайту мен Қазақстанның санаторийлік-курорттық саласын жаңғыртудың заманауи тәсілдерін дамытудағы маңызды кезең болды.

Қар. 4, 2025, 3:31 Т.Қ.