Жазушы Сабырбек Олжабайдың "Бурабай"емдеу-сауықтыру кешеніндегі шығармашылық кеші
Жарияланды: Милана
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ «Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені» филиалында белгілі қазақ жазушысы және журналист Сабырбек Олжабайдың шығармашылық кеші өтті.
Кездесу шеңберінде автор тыңдаушыларға өз шығармаларынан үзінділер ұсынып, өз өлеңдерін оқыды. Кеш атмосферасын жас пациенттер мен балалар корпусының демалушылары дайындаған музыкалық нөмірлер толықтырды.
Кездесу соңында Сабырбек Олжабай «Бурабай» ЕСК кітапханасына өзінің екі кітабын сыйға тартып, ұжымға мәдени бастамаларға көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Мұндай іс-шаралар демалушылардың рухани байытылуына ықпал етеді, шығармашылық пен рухани жылулық атмосферасын жасайды, бұл денсаулықты қалпына келтіру процесінде өте маңызды.

Қар. 7, 2025, 3:19 Т.Қ.
